Маржан Қорғанбаева: Ақтөбеліктер үшін Наурыз мейрамында киіз үйлердің есігі ашық болады

Биыл ақтөбеліктер мен қала қонақтары үшін Наурыз мейрамы бір ай көлемінде тойланады. Мереке қарсаңында 10 тонна бауырсақ пен 13 мың литр наурыз көже дайындалады.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның мәліметінше облыс бойынша палау, наурыз көже мен бауырсақ фестивальдері, домбыра-пати, қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері мен жәрмеңкелері, байқаулар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар секілді 5 мыңнан астам түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланған. Наурыз мейрамы 14 наурыздан 14 сәуірге дейін бір ай бойы тойланатын болады.

Қалада алпыстан астам ұлттық нақыштармен безендірілген киіз үй орнатылып, қала тұрғындарына және қонақтарға мерекелік дастархан жайылады. Жалпы көлемі 11 тонна палау, 10 тонна бауырсақ және 13 мың литр Наурыз көже дайындалады.

Фото: Kapital.kz

Пікір қалдырыңыз