Ақтөбеде Наурыз мейрамы бір ай бойы тойланып 5 мыңға жуық шара өткізіледі

Облыс әкімінің тапсырмасымен 14 наурыз бен 14 сәіур аралығында ұлттық мерекеміз кеңінен атап өтіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Республика көлемінде тойланатын Наурыз мейрамын Қызылорда облысынан эстафета арқылы алатын ақтөбеліктердің мерекелік жалауы 14 наурыз күні «Бауырсақ мерекесімен» басталады.

«Биылғы жылдың ерекшелігі ұлттық мерекеміз бір ай бойы тойланады. Мақсатымыз наурыз мейрамын жан-жақты насихаттау. Қазіргі халықтың көзқарасы қуантады. Балабақшалардан бастап мектеп, оқу орны, кәсіпорындар, спорт және мәдени орталықтар, мемлекеттік емес кәсіпорындар мейрамды кеңінен атап өтіп, барлығы 5 мыңға жуық іс-шара өткізіледі», — дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева.

14 сәуір күні наурыз мерекесіне арналған бір айлық кешендік шараларға қорытынды жасалып, гала-концертпен аяқталады.

Пікір қалдырыңыз