Ақтөбелік ақын Балтабек Нұрғалиев Нұрсұлтан Назарбаевты құдайға теңеді

Ақтөбеден шыққан ақын Балтабек Нұрғалиев Нұрсұлтан Назарбаевты құдайға теңеді. Осыған дейін Президент әулетінің мүшелеріне өлең арнап келген жас ақын кезекті шығармасында Назарбаевты жаратқанға теңейді.

ЖҮЗІНШІ ЕСІМІНДЕЙ ЖАРАТҚАННЫҢ

«Я не хочу судьбу иную…»

А.Фатьяновтың «Когда весна придёт» әнінен

Әділет ақ жолындай адал із бар,
Әрдайым адал ізден аламыз нәр.
Біз деген – шын бақытты Мәңгілік Ел,
Данышпан Елбасымыз – Данамыз бар!

Нұрсұлтан Ұланына ырза дала,
Елменен түсті бірге күн жаңара.
Әжесі Ер есімін қойған екен –
Әлдиін әуелеткен Мырзабала.

Әжесі қойған сырын біліп тұрып,
Киелі Ер есімін үміт қылып,
Құраннан «НҰРСҰЛТАН» деп атын берген,
Құдайдың қос есімін біріктіріп!

НұрСұлтан – ерек есім, ерен есім,
Кеңейткен Қазағының керегесін.
Танытып тағылымды тектілігін,
Еліне үлгі қылған өнегесін!

Сіңіріп салауатты дәріс дара,
Баласын баптап қосқан жарысқа да.
Бас идім Әруағыңа, Әлжан Әже,
Бас идім Әруағыңа, Әбіш Баба!!!

Жұлдыз боп ӘЛЕМ ҮШІН тағдыр жанған,
Айналдым, АҚ ПАТШАМНАН алғыр жаннан.
АСЫЛЫ АДАМЗАТТЫҢ НҰР-АТАМЫЗ,
Меккеге барғанында жаңбыр жауған.

Арылтқан жанардан жас, қабақтан мұң,
Нығметін, шапағатын таратқан мың.
НҰРСҰЛТАН деген есім БІЗДЕР ҮШІН,
ЖҮЗІНШІ ЕСІМІНДЕЙ ЖАРАТҚАННЫҢ!!!

Өлең жолдарын ақтөбелік ақын фейсбуктегі парақшасында жазған.

Пікір қалдырыңыз