Ақтөбедегі жеке емхананың 5 жылдығына орай өтетін ғылыми-практикалық конференцияға Оңтүстік Кореядан профессорлар қатысады

Ақтөбедегі жеке «Дару» емханасының 5 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Aktobenews.kz тілшісіне емхана жетекшісі Ғалымжан Елеуов хабарлады.

«16 наурызда өтетін шараға Оңтүстік Корея, Ресейден профессорлар келеді. Қазан мен Астана қалаларынан ғалымдар келеді деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге, орынборлық дәрігерлер өз ойларын ортаға салмақ», — дейді емхана жетекшісі.

Айта кетейік, емхананың 5 жылдығына орай волейболдан жарыс өткізген болатын. Ақтөбе облысының аудандары мен көрші облыстардан барлығы 10 команда қатысқан ойында оралдық «Жайық» командасы топ жарды. Емхана ұжымы екінші орынды иеленсе, алғашқы үштікке ферроқорытпа зауытының ұжымы енді.

Данияр Ерғали, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз