«Ақтөбе» жастар футбол командасының жеңісіне байланысты әлеуметтік желіде түрлі мемдер тарады (фото, видео)

90-шы жылдардан бері алғаш рет «Ақтөбе» негізгі құраммен емес, жастар құрамасымен ойын көрсетті. Таңқаларлығы — олар жеңіске жетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кеше, 11 наурыз күні Қызылорда қаласында «Ақтөбе» командасы «Қайсармен» кездесті. Барлық дерлік сарапшылар ақтөбелік клубтың жеңіліп қалатынына сенімді болды. Себебі, ФИФА команданың қарызына байланысты «Ақтөбеге» легионерлерді алаңға шығаруға рұқсат бермеді. Осының нәтижесінде Қызылордадағы ойынға команданың екінші құрамы шықты. Араларында қазақстандық премьер-лигада бір рет те ойнап көрмеген ақтөбелік жастар өнер көрсетті.

Ең қызығы, ойынның легионерсіз өтетіні матчқа үш күн қалғанда анықталды. Ақтөбенің жастар құрамасы Қызылордаға тез арада пойызбен жетті де, бірден ойынға кірісті. Олардың демалуға да уақыты жетпей, жолшыбай «Доширак» жегендері белгілі болды. Осыған орай, әлеуметтік желіде түрлі мысқылдар мен мемдер пайда болды.

Еске сала кетейік, «Ақтөбе» командасы «Қайсарды» 0-1 есебімен жеңді. Енді ақтөбелік клуб Павлодар қаласында «Ертіспен» кездеспек.

Пікір қалдырыңыз