Жемқорлыққа жол бермеу керектігін алға тартқан Ақтөбе билігі жер аукционын ашық өткізбек

Жемқорлыққа жол бермеу керектігін алға тартқан Ақтөбе билігі жер аукционын ашық өткізбек

Жергілікті билік 16 наурызда сағат 11.00-де Ақтөбеде және қала маңында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 8 жер учаскесін жалға беру бойынша аукцион өткізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz  тілшісі.

Аукцион арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізіміне аурухананы, өндірістік базаны, өндірістік  кешенін, ТҚС және жанармай құю станциясын, «Сити борд» форматындағы жарнама құрылысын, «Mupi» форматындағы жарнамалық құрылымды, LED экранды орналастыру және қызмет көрсету кіреді.

Жалпы жер учаскелерінің көлемі 1,7 га. Бастапқы құны 2,089 млн теңге.

Аукцион қатысуға өтініштер Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2, 2 қабат, 50 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады. Анықтама телефоны: 8 (7132) 41-72-83

Көрнекі фото: reactor.inform.kz

Пікір қалдырыңыз