Маңғыстаудың әуесқой актерлары Ақтөбеде әлеуметтік қойылымдар сахналап жүр

Маңғыстаудың әуесқой актерлары Ақтөбеде әлеуметтік қойылымдар сахналап жүр

Маңғыстау облысының 15-19 жастағы әуесқой актерлары жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді театрда сахналап жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтау қаласының «Ақжол» әуесқой жастар театры Ақтөбеде драматург ұстаз Өтен Ахметтің «Жұлынқұрт» атты қойылымын сахналады. Қойылымның негізгі мақсаты — жастарды нашақорлықтан сақтау. Алайда, спектакльде негізгі мәселе нашақорлық қана емес, мұнда жезөкшелік те, парақорлық та, әлеуметтік теңсіздік те көрініс тапты.

Бұл спектакльде адам өлімі көріністері де сахналанды. Жалғызбасты ананың көз жасы, жанайқайы жеткізіледі.

Айта кетейік, ақтаулық жастар театры 2,5 жыл бұрын құрылған. Аз уақыттың ішінде олар Қостанай, Ақмола облыстарында өнер көрсетті.

Театр ұжымы бір апта бойы Ақтөбенің студенттері мен түрмеде жазасын өтеп жатқандарға өнерлерін көрсетеді. Содан кейін олар Қызылорда облысына аттанбақ.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Суретке түсірген Хайреден Раушанов

Пікір қалдырыңыз