Ақтөбеде каратэ-додан «AKTOBE OPEN 2018» дəстүрлі халықаралық турнирі өтеді

2018 жылдың 3-4 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында каратэ-додан әлем чемпионы Әшім Қалидің жүлдесіне арналған «AKTOBE OPEN 2018» дәстүрлі халықаралық турнирі өтеді. Салтанатты ашылуы 3 наурыз күні сағат 15.00-де Жекпе-жек спорт сарайында өткізіледі.

Жарысқа ҚР барлық аймақтарынан және жақын шетелдерден (Қырғызстан, Ресей) 18 команда қатысады. Жалпы қатысушылар саны 300 спортшы.

17-ші рет өткізіліп отырған «AKTOBE OPEN 2018» турнирі республика бойынша рейтингі жоғары болып табылады. Себебі, жарыстың қорытындысы бойынша іріктелген спортшылар Азия чемпионатына жолдама алады.

Шараның ресми ашылуынан кейін жарыстың бірінші күнінің финалдық кездесулері өтеді, оған белгілі спортшыларымыз, Азия чемпиондары Ринат Сағындықов пен Ақтауов Андрей қатысады.

Пікір қалдырыңыз