Атыраудың бас алаңын жер қойнауын пайдаланушылар қалпына келтірмек

Атыраудың басты алаңын осы өңірде жер қойнауын пайдаланумен айналысып жатқан кәсіпорындар өз қаржыларына қалпына келтіріп бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыс орталығында орналасқан Махамбет Өтемісов пен Исатай Тайманов атындағы орталық алаңдағы ауқымды жөндеу жұмыстары биыл басталмақ. Алдын ала дайындалған жоба бойынша, алаңға жаңа архитектуралық композициялар орнатылмақ. Бірнеше субұрқақ салынып, заманға сай отыратын орындар пайда болады. Бассейні және «ән айтатын» субұрқағы бар мрамордан салынған домбыра алаңның басты көркі болады»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Алаңды қайта қалпына келтіру жобасы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Пікір қалдырыңыз