Ақтөбеде тәртіптік жазаға тартылмаған мемлекеттік қызметкерлер арасында үздіктер анықталады

Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер арасында бәсеке басталды. «Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметкері» байқауына қатысу үшін алдымен өңірдің мықтылары анықталады.

«Бұл сайыс екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта құжаттар қабылданып жатыр. Мемлекеттік қызметкерлердің жас айырмашылықтарына шектеу қойылмайды. Бүгінгі күні 30 адамнан өтініш түсті. Сайыс талаптарына қарай үздіктер іріктелетін болады», — дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері агенттігінің маманы Мәдина Сабирова.

Сайыстың басты шарты ниет білдірген мемлекеттік қызметкер ешқандай тәртіптік жазаға тартылмаған және ескерту алмаған болуы керек.

Айта кету керек, еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының эстафетасын ақтөбеліктер Қызылорда облысының мемлекеттік қызметкерлерінен қабылдаған.

Пікір қалдырыңыз