Меморандум жемісі: Ақтөбеде бағасы қолжетімді дәрілік препараттардың саны артты

Ақтөбелік фармацевт мамандар дәріханаларда бағасы қолжетімді дәрілік заттардың саудада көбейгенін хабарлайды. Жыл басында жасалған меморандумға байланысты, халық жиі тұтынатын дәрілік заттардың саны артып отыр.

«Әкімдік жанынан құрылған жұмыс топтарымен бірге сұранысқа ие болмаған 20 дәрілік заттың атауы тізімнен алынып тасталды. Жыл басынан бері оның орнына халықтың сұранысына ие 24 дәрілік заттың атауын тізімге енгіздік. Қабылданған меморандум тізімінде 110 медициналық мақсаттағы бұйымдар бар. Олардың бағасының қолжетімді болуын тұрақты тексеріп, бақылап отырамыз. Облыстың әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарына қолдау жасап, кәсіпкерлермен демеушіліктер жасалынады», — дейді Фармация камитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Ринат Құбатаев.

Ақтөбе облысында қазіргі уақытта 350 дәріханалық нысан жұмыс жасайды.  Оның дені қалада орналасқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан іске қосылған тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ететін 167 дәріханалық пункт бар.

фото: 56nv.ru

Пікір қалдырыңыз