«Төрт ағайынды» ісі: Сотталушылар мұнай шығынын қайта есептеуге өтініш түсірді

«Төрт ағайынды» ісі: Сотталушылар мұнай шығынын қайта есептеуге өтініш түсірді

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығына қатысты эпизод қаралып жатыр. Бүгін сотталушы Сүгірбаев пен Тектіғұловтың қорғаушылары мұнай шығынын қайта есептеу туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде «төрт ағайынды» ісі бойынша кен орындарынан ұрланған қара алтынның нақты шығынын айнықтау сарапшыға жүктелді. Айыптау қорытындысына сүйенсек, 1 тонна мұнайдың шығыны 53 мың теңгеден асқан. Бұл есеп сотталушылардың арасында талқыға түсіп, енді олар 2015-2016 жылдардың әр айын бөлек есептеп, шығынды қайта анықтауды сұрады. Судья Ахметқали Молдағалиев қорғаушылардың өтініштерін қанағаттырды.

«Жәбірленуші өз шығынын есептеп, белгіледі. Сот бұл есепті істе қалдырады. Әрі мұнайдың бағасы жөнінде пікірталас болған соң сот-тауарлық сараптама тағайындалады», — деді судья Ахметқали Молдағалиев.

Синельниковский кен орнындағы мұнай екінші класты және жеңіл болған. Бұл сарапшылардың қорытындысы. Сүгірбаев пен Тектіғұловтың қорғаушылары сарапшылар әр айдың өз есебін шығаруға ұсыныс айтты.

«2016 жылдың 21-22 қазан айында 1 тонна мұнайдың құны 53 077 теңге деп жазылды. Ал осыған дейін бір жыл шартты жазаға кесілген сотталушы С.Сүгірбаев 2016 жылдың мамыр айында 1 тонна мұнай 36 000 теңге деп көрсетілді. Арада 20 000 теңге айырмашылық бар. Сондықтан мұнай бағасын айға бөліп, қайта есептеуді сұраймын. Синельниковксий кен орнынан мұнай ұрлаудың 17 эпизоды бар екен. Бәрін қайта қарау керек», — деді қорғаушы Мирманов.

Айта кетейік, айыптау қорытындысындағы мұнай шығынын есептеген сарапшының жұмыстан шығып кеткены немесе денсаулығына байланысты демалыс алғаны анықталып жатыр.

 

Пікір қалдырыңыз