ақпан 28, 2018

Ақтөбелік жастар ұсынған стартап жобалар арасында суды тазарту әдісі бар

Ақтөбеде «Менің арманым» атты республикалық реалити-шоудың алғашқы кезеңі басталды. Ақтөбеліктер 200-ден астам жоба ұсынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Еліміз бойынша «Менің арманым» реалити-шоуына іріктеу басталды. 16-35 жас аралығындағы ақтөбеліктер meninarmanym.kz, bolashak.kz, arsu.kz сайттары арқылы ресми тіркеліп, өз өтініштерін қалдыра алады. Наурыз айының 9-11 күндері аралығында іріктеу өтіп, үздіктер Астана қаласында өтетін жартылай финалға жолдама алады. Шоу еліміздегі телеарналардың бірінде көрсетіліп, жеңімпаздарға 500 мың, 1 және 1,5 миллион теңге көлемінде грант

Нұргүл Жанназарова, Маңғыстау облыстық Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы: 180 елдің ішінде 122-орынға тұрақтадық

«Транспаренси Интернешнл» (Transparency International) ұйымы әр жылдың басында әлемдегі сыбайлас жемқорлық ахуалына қатысты есебін жариялап отырады. 1993 жылы «Дүниежүзілік банкте» 25 жыл қызмет істеп, кейін осы беделді қаржы институтын басқарған неміс заңгері Петер Айген негізін қалаған аталмыш ұйым әлемнің 100 астам елінде өте белсенді. Штаб пәтері Германия астанасы Берлинде орналасқан осы мекеменің 2017 жылғы зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан «Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің» көрсеткіші бойынша 180 елдің ішінде 122-орынға тұрақтап отыр.

Астанаға 20 жыл: Ақтөбеде студенттік ғылыми конференция өтіп жатыр

Ақтөбеде 200 студенттің басын қосқан республикалық ғылыми конфренция басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Астананың 20 жылдығына арналған ғылыми жиынға еліміздің әр облысынан келген колледж студенттері тарих, психология, филология, биология, химия салаларын қамтыды. Мәселен, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Динара Асетоллаева Мағжанның өліміне қатысты тың деректер тапқанын айтты. «Конференцияда Мағжанның тағдыры, оның заманындағы қиыншылықтары туралы мәлімет ұсынамын. Біріміз білсек, біріміз білмейміз. Мысалы, Мағжанның 1938 жылы атылғандығы құжаттарда жазылған. Алайда Бауыржан Момышұлы және

«Атамекен» палатасында өткен кеңесте кәсіпкерлерге кедергі болып жүрген мәселелер көтерілді

Бүгін «Атамекен» кәсіпкерлер құқықтарын қорғау палатасында өткен кеңесте кәсіпкерлерге кедергі болып жүрген мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Жеке кәсіпкер Болат Сүйеубаев пен Қуаныш Шакузовты әкімдік өкілдері алдап соққан. Кәсіпкерлер Бадамша ауылдық округі әкімдігінен бір жарым миллион теңгесін өндіре алмай жүр. Ауылдық округ әкімдігіне алданған кәсіпкерлер кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесіне шағым айтып келген. «Бұл жағдайға шара қолдануларыңызды сұраймын. Бір жарым миллион теңгеге шығындалдым. Бұл қаражатқа

«Төрт ағайынды» ісі: Сотталушылар мұнай шығынын қайта есептеуге өтініш түсірді

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығына қатысты эпизод қаралып жатыр. Бүгін сотталушы Сүгірбаев пен Тектіғұловтың қорғаушылары мұнай шығынын қайта есептеу туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде «төрт ағайынды» ісі бойынша кен орындарынан ұрланған қара алтынның нақты шығынын айнықтау сарапшыға жүктелді. Айыптау қорытындысына сүйенсек, 1 тонна мұнайдың шығыны 53 мың теңгеден асқан. Бұл есеп сотталушылардың арасында талқыға түсіп, енді олар 2015-2016 жылдардың әр айын бөлек

Азия чемпионатында ақтөбелік балуан Мейрамбек Айнағұлов қола жүлдені иеленді

Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Азия құрлығының 38 елінен мықтылар қатысып жатқан байрақты бәсекеде Мейрамбек Айнағұлов Өзбекстан спортшысы Элмурат Тасмурадовқа есе жіберіп, қоланы місе тұтты. Екі білекті спортшы арасында болған финалға талас кезеңі сол күннің ең үздік сәттері болып тіркелді. Ертең Мейрамбек Айнағұлов пен жаттықтырушысы Рахымжан Бақытжанов мінген ұшақ Ақтөбе әуежайына қонады.

Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы Ақтөбеде суға кетуі мүмкін аудандарды атады

Ақтөбенің ең қауіпті учаскелері анықталды. Богословка тас жолы бойында үлкен арық қазылып жатыр. Оңтүстік-Батыс ауданындағы ескі полигонда бекіту жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Қалада жаппай қар тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Егер су келген жағдайда эвакуация жұмыстарын жүргіземіз», — дейді әскери мобилизация жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Бекболат Нұрашев. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайрат Қасым Ақтөбе қаласында су тасқыны қаупі төніп тұрған аймақтарды атады. Олардың қатарында