Ақтөбеде әр ұлттың белсенді жастары қала тұрғындарынан алғыс тілек жинады

Қалада қоғамдық орындар мен сауда орталықтарына келген тұрғындарға арналған «Шексіз алғыс» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Алғыс айту күніне арналған шара барысында әр ұлттың жастары мерекелік бағдарлама ұсынып, тұрғындар өз тілектерін ашық хат арқылы жақын туыстарына, достарына мекен-жайлар бойынша жолдады. Ерекше тілектер тізімі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын болды.

«Шараның мақсаты — жастарды ізгілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу және адами қарым-қатынасты дамыту», — дейді облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Ардақ Бекниязова.

Мерекелік акция «Нұрдәулет» сауда орнынан бастау алып, «Халықтық кеңсе» және «Керуен сити» орталықтарында жалғасты.

Пікір қалдырыңыз