Ақтөбелік жекпе-жек шебері әлемдік жарыста есе жіберді

Жекпе-жек спортынан чемпиондық белдікке таласқан Сергей Морозов қарсыласынан басым түсе алмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

M-1 Challenge 88 турнирінің басты жекпе-жегі ретінде танылған қазақстандық Сергей Морозов пен ингушетиялық Мовсар Евлоев арасындағы бәсеке чемпиондық белдік үшін болған болатын. Тәжірибелі спортшы Мовсар үшінші раундта қылғындыру әдісін қолданып, өз атағын сақтап қалды.

Аталмыш жекпе-жек Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті.

Пікір қалдырыңыз