Ақтөбеде үш бірдей мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы арбаға зәру

Ақтөбеде бір шаңырақта тұрып жатқан жарымжан жандар көмекке мұқтаж. Үш бірдей науқас баламен үшінші қабатта тұрып жатқан отбасы мүгедектер арбасына қол жеткізе алмай отыр.

«Мен үйде үш бірдей мүгедек бағып отырмын. Екі балам сал ауруына шалдыққан. І топ мүгедегі балдызым да менің қолымда тұрады. Бізге мүгедектер арбасы қиындық туғызып тұр. Үш жылдан бері қолымыз жетпей келеді. Тұрғын үйдің оныншы қабатында тұрамыз. Лифт жасамай қалған кезде жыларман жағдайға жетеміз. Пандус деген үйлердің іші түгілі сыртында да жоқ», — дейді Мейрамбек Төлеуов.

Мейрамбектің 24 жастағы балдызы үнемі төсекте жатады. Өзінің 8 және 5 жастағы ұлдары сал ауруына шалдыққан. Үш бірдей мүгедек адамның күтімімен әйелі де өзі де жұмысқа шыға алмай отыр.

«Басында жұмыс та жасадық. Балалар көп ауырып, сұрануым көбейіп кетті. Сондықтан оны да қойып отырмыз. Қазір біреудің машинасын жалға алып, такси қызметіндемін. Менің жағдайымды білуге әкімшіліктен жылда адам келеді. Балалардың жәрдемақысын есептеп «сендер бай екенсіңдер» деп кетеді. Жағдайым жақсы болса шырылдап осылай отырамын ба?», — дейді ол.

Отбасыға көмек көрсетемін деушілер Мейрамбек Төлеуовпен 8 705 474 53 84 телефоны арқылы хабарласа алады.

Пікір қалдырыңыз