Ақтөбе облысында пара алудан полицейлер көш бастап келеді


Бұған дейін білім саласы пара алудан бірінші орын алған еді. Қазіргі рейтингте полицейлер озды.

Облыстық мемқызмет департаменті өкілінің сөзінше, Ақтөбе облысында пара алу деректері екі есе азайған. 2016 жылы 52 адам сотталса, 2017 жылы 33 мемқызметкер пара алғандары үшін кінәлі боп танылды.

«Пара алуда Ішкі істер органдары, соның ішінде жол полициясы қызметкерлерінің үлесі өте жоғары. Екінші орында білім саласының қызметкерлері тұр», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің өкілі Рафхат Бисенов.

Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистиканың мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда облыс бойынша жемқорлыққа қатысты 50 қылмыстық іс өндірісте жатыр. Оның 30-ға жуығы ауыр санатына жатады. Бұл қылмыстардың залалы 12 миллион теңгені құрайды.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз