Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қалай алуға болады

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қалай алуға болады

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында зейнетақы жинағын мерзімінен ерте кімдер алуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банк арасында зейнетақы саласын реформалау әлі талқыланып жатыр.

«Жаңа реформалар салымшылардың ақшаны басқаруға қатысын арттырмақ. БЖЗҚ ақшасын мерзімінен бұрын кім шеше алатынына келсек, бұл санатқа жинаған сомасы жеткілікті азаматтар жатады. Жинаған сомасы жалақысына пара-пар болатын немесе одан артық тұлғалар қаржысын басқа мақсатқа жұмсай алады. Біздің мақсатымыз жинаған аз-маз қаржысын азаматтар болашақты игілігіне пайдалануын қамтамасыз ету. Зейнетке шыққан адамда одан өзге табыс болмайды. Сондықтан, осы жинақтан басқаға сенуге болмайды», — деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты мақсаты адамдардың алаңсыз қарттығын қамтамасыз ету болып табылады.

Пікір қалдырыңыз