Рафхат Бисенов, Ақтөбе облыстық мемқызмет департаментінің өкілі: Шенеунік ресми кездесуде берілген сыйлықты алуға міндетті

Рафхат Бисенов, Ақтөбе облыстық мемқызмет департаментінің өкілі: Шенеунік ресми кездесуде берілген сыйлықты алуға міндетті

Ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер өздеріне табысталған сыйлықтарды арнайы қорға тапсырып жатыр. Былтыр олар жарты миллион теңгенің сыйлығын алған.

«23 сыйлық түскен. Оның 14-і сатылған. Қалған 9-ының құны анықталып жатыр. Көп жағдайда шенеуніктер қораптағы кәмпит пен қойын дәптер алған. Кәдесыйлардың арасында қобыз, бір жерде виски кездеседі. Сондай-ақ, ресми кездесуде табысталған үлкен картина мен нетбук та бар. Қызметкер ресми кездесуде берілген сыйлықты алуға міндетті. Бірақ оны да қорға тапсыруы керек», — деді облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орнбасары Рафхат Бисенов.

Оның айтуынша, мұндай нәтижеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған арнайы мониторингтік топтың түсіндірме жұмыстары айтарлықтай әсер еткен.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз