Ақтөбеде балалар ауруханасының асханасынан өрт шықты

Ақтөбеде балалар ауруханасының асханасынан өрт шықты

Балалар ауруханасының асханасынан өрт шығып, қою түтін емдеу бөлмелері мен палаталарға тез тарады. Ақтөбелік өрт сөндірушілер осындай сценариймен оқу-жаттығу шараларын өткізді, деп хабарлайды, Aktobenews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты – денсаулық сақтау мекемелеріндегі өртті сөндіру бойынша Ақтөбе қаласының гарнизон қызметкерлерінің әрекетін пысықтау.

Оқу-жаттығуға жеке құрамның 55 қызметкері және 16 техника қатыстырылды. Шартты түрдегі өрт кезінде қауіпті аймақтың үшінші және төртінші қабатынан 5 адам автосатының көмегі арқылы сыртқа шығарылды. Тағы төртеуі қалың түтінге оранған екінші және үшінші қабаттағы үй-жайдан газ-түтіннен қорғау қызметінің мұқият әрекетінің арқасында «құтқарылды».

Пікір қалдырыңыз