Қытайдың ең бай адамы Димашқа қошемет көрсетті (видео)

Димаш Құдайберген Қытайдың Жаңа жыл мерекесіне орай Бейжіңде өнер көрсетіп, тағы ерекше дарынымен елді таңғалдырды. Оның орындауындағы Лұқпан Жолдасовтың әні ең бай қытайлық миллиардерді тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ең бай қытайлық миллиардер, әлемдегі ең танымал желілік дүкен Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Димаштың концертіне қатысып, оған ерекше қошемет көрсетті. Димаш өзінің Instagram желісіндегі парақшасында концерт үзіндісін елге көрсетті.

Ал Димаш болса, өз кезегінде, осындай әндер жазып беретін сазгер Ұлықпан Жолдасовқа алғысын жаудырды.

«Ұлықпан ағамыздың əндері бүкіл əлемде кез келген əншінің, кез келген концерттің бағын ашатын, ерекше туындылар ғой, шіркін!

Көптеген əлемге танымал, атақты композиторлардан ұсыныстар түсіп жатса да, ұялмай, мақтанып тұрып халықаралық аренаға алып шығаратындай туынды жазатын бізде де олардан кем түспейтін композитор барына қуанамын. Ұлықпан аға, əніңізге үлкен рахмет!», — деп жазды ол.

Ұлықпан ағамыздың əндері бүкіл əлемде кез- келген əншінің кез келген концерттін бағын ашатын, ерекше туындылар ғой шіркін!!!! Көптеген əлемге танымал, атақты композиторлардан ұсыныстар түсіп жатырса да ұялмай ,мақтанып тұрып халықаралық аренаға алып шығаратындай туынды жазатын бізде де олардан кем түспейтін композитор барына қуанамын. Ұлықпан аға, əніңізге үлкен рахмет! @lukpan_zholdasov

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

Пікір қалдырыңыз