Олимпиада-2018: Сәрсенбіде сайысқа Тұрсынбаева мен Полторанин шығады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 21 ақпан күні қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиада ойындарының жарыс кестесіне сәйкес, қазақстандық спортшылар сәрсенбіде қыздар арасында мәнерлеп сырғанаудан және ерлер, әйелдер арасында өткізілетін шаңғы жарысынан еркін стильдегі командалық спринтте сынға түседі.

Әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада Айза Имамбек, Элизабет Тұрсынбаева бақ сынайды. Жарыс Астана уақытымен таңертең сағат 7:00-де басталады.

Әйелдердің арасында өтетін шаңғы жарысынан еркін стильдегі командалық спринтке Анна Шевченко және Валерия Тюленева қатысады. Жарыс Астана уақытымен 15:00-де басталады.

Сол уақытта басталатын ерлер арасындағы шаңғы жарысынан еркін стильдегі командалық спринтке қазақстандық Алексей Полторанин және Денис Волотка шығады.

Фото: Azattyq.org

Пікір қалдырыңыз