Нұрхан Кәдірбаев, Ақтөбе драма театрының директоры: Біз неге оқу орындарына барып билетті мәжбүрлеп сатуымыз керек?

Облыстық драма театрының басшысы Нұрхан Кәдірбаев көрерменнің мәдениет деңгейі төмен екенін жасырмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өнер ордасының басшысы бұл жағдайға арланбау керек екенін айтып, қазақ көрерменіне ренішін жеткізді.

«Қазақтарға театрға келу мәдениетін қалыптастыру керек. Өзге ұлт өкілдерінің үйіне барып ешкімге билет сатпайсың. Ол мәдениеттің биіктігі, арланбауымыз керек. Біз неге колледждерге, оқу орындарына барып билетті мәжбүрлеп сатуымыз керек? Cенбі, жексенбі күндері келмейді. Өзге ұлт өкілдері демалу үшін бала-шағасын қалдырып, әдемі киімдерін киіп рухани баюға театрға келеді», — дейді Нұрхан Кәдібаев.

Пікір қалдырыңыз