Ақтөбеде басына мұз түскен 6 жастағы бала қаза болды

Ақтөбеде басына мұз түскен 6 жастағы бала қаза болды

Ақтөбенің Ырғыз ауданы Ақши ауылында 6 жастағы баланың басына мұз түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақши ауылында қайғылы оқиға тіркелді. Су мұнарасының жанында жүрген 6 жастағы баланың басына мұз түсіп, ол оқиға орнында қаза болған.

«Бала 27 қаңтар күні 6 жасқа толған екен. Өкінішке қарай, сол жерде қаза болды. Ауруханаға тек сараптама жасату үшін әкелді. Ашық бас-ми жарақатын алған баланың оқиғасы қайғылы жағдай болып тіркелді», — деді Ырғыз аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлайым Малдығұлова.

Айта кетейік, Ақши ауылы аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Пікір қалдырыңыз