Ақтөбеде «Бақытты бала» жобасы аясында балабақшаларға 5 мыңнан астам планшет сатып алынады

Ақтөбеде «Бақытты бала» жылы басталды. Жоба аясында 8 бағыт бойынша жұмыс жүреді. Балалардың ІТ әлемі бағыты бойынша 411 балабақшаға арнайы планшет сатып алынады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы биыл балаларға жан-жақты көмек көрсетеді. Олардың білім алуы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру, денсаулығы мен ой-өрісін жеткілдіруге арналған бірнеше нысан салынады. Мәселен, биыл Президент саябағы жанында аквапарк салынып, мүгедек балаларға арналған лагерь іске қосылады.

«Ақтөбе облысы бойынша биыл 160 балалар алаңы салынады. Сонымен қатар, жоба аясында балалардың дамуына толық мүмкіндік жасалады. Жобаның логотипі де белгіленді. Білім саласы қызметкерлері арасында байқау өтіп, үздігі таңдалды. Жобаға ЮНЕСКО, Білім және ғылым министрлігі, БҰҰ балалар қоры, БҰҰ Даму бағдарламасы қатысады. Еліміздегі қайырымдылық қорлары үлкен істен шет қалмайды», — деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Ақтөбедегі балалар жылы аясындағы жоба бойынша биыл 400-ден астам балабақшаға планшет сатып алынады. Бұл мақсатқа 400 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ.

«Планшет пен телефонның зияны туралы айтылады. Бірақ жаңа технологияның өз жетістіктері де бар. Бұл баланың жан-жақты дамуына қажетті құрал. Бастығы – планшетті дұрыс пайдалану. Сондықтан балабақшаларды планшетпен жабдықтауға шешім қабылдадық», — деді Е.Нұрғалиев.

Айта кетейік, мектептерге 137 дана 3D принтерлер сатып алынады. Бұл мақсатқа 61,6 миллион теңге жұмсалады. Сонымен қатар, робототехника 56 мектепке беріледі. «Балалардың ІТ әлемі» бағыты бойынша 981 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады. Оның 168 миллион теңгесі бюджеттен тыс қаржы.

Пікір қалдырыңыз