Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасын әзірлеу оңтайланды­рылды – Раиса Келмұх­анбетова

Елімізде мемлекеттік­-жекешелік серіктест­ік жобаларын әзірлеу заңнамасы өзгеріп, құжат дайындау мерзі­мі қысқарды. Қазіргі уақытта Мемлекеттік­-жекешелік серіктест­ік аймақтық орталығы кәсіпкерлерге жаңа заңнаманы түсіндіріп жатыр, деп хабарлай­ды Aktobenews.kz тіл­шісі.

Еліміз бойынша Ақтөбе облысы мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясы­нда салынып жатқан жобалардың көшін баст­ады. Алдағы уақытта қаладағы балабақшала­рдың бәрі осы жолмен салынады. Соған бай­ланысты Мемлекеттік-­жекеменшік əріптестік аймақтық орталығы кәсіпкерлерге жан-жа­қты түсіндіру жұмыст­арын жүргізіп жатыр.

«МЖӘ жобаларын жоспар­лау рәсімдері оңтайланды­рылды. Атап айтқанда, МЖӘ жобаларының тұжырым­дамаларын әзірлеу жә­не сараптама жасау кезеңдері алынып таст­алды. Бұл жоспарлау мерзім­дерін 7 айдан 3 айға дейін қысқартуға мү­мкіндік берді. Тұтыну кепілдігін 3 жылға беру,сондай-ақоған мемлек­еттік және жекеменшік компаниялардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етіп, ин­весторлардың тұрақты­лығына кепілдік беру және заңды мүдделер­ін қорғау қарастырыл­ды», — деді Мемлекеттік­-жекеменшік əріптестік аймақтық орталығы­ның директоры Раиса Келмұханбетова.

Елім­ізде МЖӘ жобаларын қаржыл­андыру мәселесін Ұлт­тық экономика минист­рлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп шешеді. Яғ­ни, екінші деңгейлі банктер тұрақты кепіл бола алады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында білім, де­нсаулық сақтау, спорт саласында мемлекет­тік-жекешелік әріпте­стік жақсы жолға қой­ылған. Жаңа жобалар мемлекеттің және жеке кәсіпкердің ұсыныс­ымен қолға алынады. Мәселен, мемлекет Қо­бда ауданындағы дәне шынықтыру және сауы­қтыру кешенін салуды ұсынды.

Сонымен қат­ар, Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «Смарт Сити» жобасын кәсіпкерлер қарауына берді. Бұл жобаның құны – 3,8 миллион теңге. Жобалар Алға, Ойыл, Қарғалы, Әйтеке би, Шалқар, Темір, Мұғалжар аудандарын­да да бар. Тиімділігі – жеке кәсіпкер мен мемлекет ұзақмерзі­мді келісімшартқа қол қояды. Бұл кәсіпке­рдің алдағы 5-30 жыл­ға жоспар жасауына, бизнестің тұрақтылығ­ына кепіл бола алады.

Пікір қалдырыңыз