ақпан 15, 2018

Келер жылдан бастап тіркелмеген телефондарға қызмет көрсетілмейді – Абаев

Ұялы телефондарды онлайн-тіркеудің баламалалы тәсілдері қарастырылуда, деп хабарлайды Bnews.kz. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап тіркелмеген телефондар үшін байланыс қызметтері көрсетілмейтін болады. Көптеген тұтынушылар ұялы телефон операторлары бөлімшелеріне жүгінгісі келмейді. Сондықтан бүгінде электрондық-цифрлы қолтаңба, SMS немесе USSD-командалар арқылы онлайн тіркеудің баламалы жолдары қарстырылуда. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында айтты. «БАҚ туралы заңның жүзеге асырылуы бойынша күрделі мәселелер жоқ. Міндетті сәйкестендіруге қатысты біз «пікір

Бір литр бензинмен 200 шақырым: Алматылық студенттер бірегей автомобиль құрастырды

SatbayevUniversity инженерлері 1 литр бензинмен 200 шақырымнан астам жол жүретін бірегей жарыс машинасын құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті қабырғасында SURacingTeam студенттер командасының iSUPrototype 1.0. автомобилінің таныстырылымы өтті. Аталған прототиптің бірегейлігі сол, көлік экологиялық таза отын түрі — этанолмен жүреді. Бұл отын қант құрағын, жүгеріні немесе қызылшаны өңдеу арқылы алынады. Ал болидтің бірегей

Ақтөбеде мүгедек балалардың ата-аналары билік тарапынан болатын көмекке көңілдері толмайтынын жеткізді

Бүгін облыстық мүгедектер қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары жиналып, өздерін алаңдатқан мәселелерге назар аударуды талап етті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 200-ден астам ананың атынан ашына сөз сөйлеген ата-ана Гүлсаян Ыбырай медициналық көмек көлемінің аздығын алға тартты. «Құзырлы орындарға барғанымызбен мәселе шешілмейді. Дәрі-дәрмек, тазалық құралдары жеткіліксіз. Жылына 730 жөргек беріледі, күніне екеуден. Алайда, зәрін ұстай алмайтын балалар бар. Кемі 4 жөргек керек. Арбалар тым ауыр. Трактор секілді. Ата-аналар көтере алмайды. Салмағы

Ақтөбелік психолог шенеуніктерді журналистермен соғыса бермеуге шақырды

Шенеуніктердің имиджін қалыптастыру жолдарын зерттеген психолог журналистермен қалай тілдесу керектігін үйретеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақсәуле Қарабалина өзінің жаңа кітабының тұсаукесерінде шенеуніктерге кеңес берді. Оның айтуынша, пиар-менеджерлер болашақ лидердің мінез-құлқын дұрыстайды, жүріс-тұрысын түзейді. Сондай-ақ, ол журналистермен қарым-қатынас орнатудың сырын ашты. «Лидер адамдарды тыңдай білуі керек. Өйткені есту мен тыңдау — екі бөлек зат. Зейін қойып тыңдамаған лидерді ешкім бағаламайды, себебі ол адамдармен жұмыс істейді. Әркіммен ортақ тіл табуы керек. Әрбір

Ақтөбе облысында ресми түрде Бала жылы 23 ақпанда басталады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен 2018 жыл бала жылы болып жарияланды. Аталған жоба аясында «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» тақырыбымен жыл бойы түрлі шаралар өткізіледі. «Жыл басынан шаралар өткізіліп жатса да, 23 ақпанда қалалық мәдениет үйінде (бұрынғы филармония ғимараты) Бала жылы ресми бастамасын алады. Бұл шараға кәсіпкерлер, меценаттар, жетім балалар, қамқоршылар қатысады», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызмкетінен. Қала тұрғындары

Ақтөбеде балалар ауруханасының жанынан онкогематология бөлімі салынады

Ақтөбеде медициналық кластерді дамыту үшін онкогематология бөлімі салынады. Жоспар бойынша құрылыс келер жылы аяқталады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысы бойынша 162 бала онкологиялық ауруға шалдыққан. Дәрігерлер дертті ерте анықтау үшін жаңа құрылыс жүргізуді сұрады. Енді Ақтөбе облыстық балалар ауруханасы жанынан онкогематология бөлімі салынады. Қазір құрылыс жұмыстарына қажетті жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Жоспар бойынша жаңа орталық 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында пайдалануға беріледі. «Ақтөбеге онкогематолог Гюнтер Хенце келді. Ол қазір балаларға ем

Мәскеуден келген мамандар Ақтөбе драма театрын көріп күліп кеткен

Мәскеуден келген мамандар облыстық драма театрының құрылғыларын көріп күліп кеткен. Театрдың ескі екенін алға тартқан басшы алдағы уақытта барлығы бір планшетпен басқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Биыл облыстық драма театрына қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Сахна көлемі артып, дыбыс пен жарыққа жабдықтар алынады. Трансформерлі сахна қойылады. Барлығын басқарып отыратын бір ғана планшет болады. «Мәскеу қаласындағы театр құрылғыларымен айналысатын «Докацентр» компаниясының мамандары облыстық драма театрдағы жабдықтарды көріп күлді. Тіпті, өздеріне беруді