Ақтөбедегі драма театрының жаңа басшысы Тахауи Ахтанов ескерткішін орнынан көшірмекші

Ақтөбедегі драма театрының жаңа басшысы Тахауи Ахтанов ескерткішін орнынан көшірмекші

Ақтөбедегі Тахауи Ахтановқа қойылған ескерткіш облыстық драма театрының жанына ауыстырылатын болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі

Театр басшылығы көшіру жұмыстарына күннің салқындығы себеп болып отырғанын жеткізді.

«Оны ауыстыратын компанияменде сөйлесіп қойдым. Қазір күн райы кедергі болып тұр. Желім мен цемент ұстамай граниттері түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан күннің жылығанын күтіп отырмыз. Ахтанов ескеркішін театр маңындағы скверге орналастырамыз», — дейді театр басшысы Нұрхан Кәдірбаев.

Айта кетейік, қазақ әдебиетінің классиктері — ҚР халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтанов пен халық ақыны, драматург Қуандық Шаңғытбаевқа арналған ескерткіш осыдан 5 жыл бұрын Орталық базардан алыс емес жерде ашылған болатын.

Қола ескерткіш екі мүсін түрінде жасалған. Драматург Т.Ахтанов орындықта отыр, ал оның жанында досы әрі жерлесі, ақын Қуандық Шаңғытбаев тұр.

Ескерткіштің ұзындығы 6,5 метр. Бұл еңбектің авторы жас та болса кәсіби ортада танылып үлгерген мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

фото: e-history.kz

Пікір қалдырыңыз