Ақтөбедегі Ахтанов театрының актерлары Түркия сахналарында өнер көрсетпек


Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актерлары гастрольдік сапармен Түркияға аттанбақшы, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Театр ұжымы «Айман-Шолпан», «Қара шекпен», «Әлия» қойылымдарын екі тілде сахналайды.

«Биыл біздің жоспарымызда Түркия еліне гастрольдық сапар тұр. Бірден мәдениет басқармасы бюджеттік өтінімімізге қолдау көрсетті. Баратын уақытымызды белгілеп қойдық. Тек Қазақстанның емес, жергілікті жердің мәдениетін, өзіміздің дүниелерімізді көрсетіп қайтқымыз келеді. Қазақ труппасы ғана емес, орыс труппасы да барады. Жиі шығатын болсақ, нәтижесін береді деп ойлаймын», — дейді театр басшысы Нұрхан Кәдірбаев.

Пікір қалдырыңыз