Ақтөбеде апатты тұрғын үйлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жойылады

Ақтөбеде апатты үйлердің тұрғындары құрылыс компанияларымен кездесіп жатыр, — деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында апатты жағдайда тұрған көпқабатты үйлердің иелері қазір пәтер кезегінде тұр. Бірақ олардың қай уақытта баспаналы болатыны нақты белгісіз. Сондықтан жергілікті билік апатты жағдайда тұрған үйлердің иелерін құрылыс компанияларымен кездестіріп жатыр.

«Ақтөбе қаласындағы Есет батыр көшесі, 106 «А» үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бұзылады. Тұрғын үйдегі 8 пәтер иесімен жалпы жиналыс өтті. Құрылыс компаниясы өз нұсқасын ұсынады. Мәселен, пәтер иесінен сол үйді сатып алады немесе сол пәтердің аумағына сәйкес жаңа үйден пәтер береді. Екі арадағы келісім негізінде келісімшартқа қол қойылады», — деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Хайдар Ермашев.

Айта кетейік, бұл Ақтөбе қаласындағы бірінші жоба. Қалада 22 көппәтерлі тұрғын үй бар.

«Кейбір тұрғындар келісім бермей, «тұрған жерім жақсы, Батыс-2 шағын ауданына бармаймын» деп айтады. 8 пәтерлі үйде тек 7 пәтер иесі келісіп, біреуі келісім бермесе, онда қолға алған іс аяқталмайды», — Хайдар Ермашев.

Пікір қалдырыңыз