Ақтөбе облысында ауыл жолдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қалпына келтіріле бастайды

Ақтөбе облысында ауыл жолдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қалпына келтіріле бастайды

Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тасжолдар қалпына келтіріледі. Биыл бес ауылдың жолына орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда 5 жоба дайын. Құны – 11 миллиард теңге. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін екі жолдың жобалық-сметалық құжаты мақұлданды. Бұл жұмыстарға 2,5 миллиард теңге жұмсалады. Ал өзге жолдардың құжаты Автомобиль жолдары комитетінде қаралып жатыр.

«Барлығы 11 миллиард теңгенің жобалық-семалық құжаты дайындалған кезде бюджеттің 700 миллион теңгесі үнемделді. Бұл жұмысты жалғастыру үшін тағы екі маманды басқармаға алғымыз келеді. Темір ауданының Алтықарасу ауылына барар жол, Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде Асау Барақ көшесі, Ойылдағы Ақырап ауылының Болашақ көшесі жөнделеді. Сонымен қатар, Хромтау қаласындағы мектепке және балабақшаға барар жолға орташа жөндеу жүргізіледі», — деді Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев.

фото: 7292info.kz

 

Пікір қалдырыңыз