Атқа да қонған, суда да жүзген Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов енді шаңғы теппекші

Халықпен тығыз байланыс жасап, ел аузында  жүрген шаһар басшысы Ілияс Испанов қала тұрғындарымен бірге шаңғы спортынан жарысқа түспекші, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарының арасында өткізілетін жаппай шаңғымен сырғанауға қала әкімі Ілияс Испанов та қатысып, спорттық қабілетін көрсетпекші. Жарыс тұғырынан көріну үшін барын салып дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын Instagram әлеуметтік желісінен байқауға болады.

Шара 10 ақпан күні қысқы спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында өтеді.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

фото: Е.Гончаровтың парақшасынан алынды

Пікір қалдырыңыз