Ақтөбеде мектеп маңындағы оқушы өлімінен кейін тəртіп сақшылары сөзден іске көше бастады


Ақтөбеде «Жаяу жүргінші жолына назар аударыңыз!» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізіле бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Негізгі мақсаты жол қозғалысын қадағалау және жол-көлік оқиғаларының санын азайту. Сондай-ақ, жол ережесін бұзуды болдырмау.

Барлығы 332 жол қозғалысының бұзылғандығы анықталған. Ереже бұзғандардың қатарында шамадан тыс жылдамдықты асырғандар мен жаяу жүргінші жолын кесіп өткен жүргізушілер екен.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда N8 мектеп жанында оқушыны көлік қағып кеткен болатын.

Пікір қалдырыңыз