Ақтөбеде жүрек ауруына шалдыққандар жыл санап «жасарып» барады

Өткен жылы Ақтөбе облысының тұрғындарына 1278 жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген. Батыс өңірін қамтитын медициналық кластер жасауға ұмтылған ақтөбелік дәрігерлер жыл ішінде бірнеше күрделі ота жасады. Облыста балалар кардиохирургиясына қатысты оталар көбейген.

«Өткен жылы 11 бауыр трансплантациясы, 35 бүйрек трансплантациясы, 100 тізе буын ауыстыру, 93 жамбас буын ауыстыру операциялары, 358 кардиохирургиялық операциялар, оның ішінде 100-і балаларға жасалды», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Облыстың бас дәрігері 2018 жылы емдеу алдын алу ұйымдарының барлығына ақпараттық технологиялардың енгізілетінін жеткізді.

«Қазір облыс орталығының барлығында информациондық технологиялар орнатылды. Профилактикалық медицинаны дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жұмыстар жандандырылатын болады. Жоғары технологияларды игеріп, енгізу, ауруларды ерте сатыда анықтауды, жастардың репродуктивті денсаулығын жақсарту бойынша 2018 жылы бойы атқарылатын жұмыс жоспары дайындалды», — дейді Қалиев.

Пікір қалдырыңыз