ақпан 2, 2018

Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ақтөбеге сапарында балалар үйінде болды

Ақтөбе облысына іссапармен келген Асхат Қайнарбеков Мәртөк ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің жағдайымен танысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстағы барлық талапқа сай балалар үйіне Асхат Қайнарбеков арнайы соғып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесті. Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің ашылуындағы негізгі мақсаты 3-18 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу, кәсіптік бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету. Қазіргі таңда Мәртөктегі балалар үйінде 10 бала тәрбиеленіп жатыр.

Бердыбек Сапарбаев призвал мартукчан активнее развивать сельское хозяйство и предпринимательство

Аким Актюбинской области Бердыбек Сапарбаев продолжает принимать участие в отчетных встречах акимов районов с населением. В четверг, 1 февраля, были подведены итоги социально-экономического развития Мартукского района за прошедший 2017 год и озвучены задачи на 2018 год. Аким Мартукского района Нуржауган Калауов сообщил, что в минувшем году общественно-политическая ситуация в районе была стабильной, было обеспечено стабильное социально-экономическое развитие. В районе на постоянной основе работают 9 предприятий. Объем промышленного производства составил более

Ақтөбе облыстық білім басқармасы: Орамал тағатындарға мектеп салу және ашу жөнінде ұсыныс түскені рас

Ақтөбеде орамал тағатын оқушыларға арнайы мектеп ашу жөнінде ұсыныс түскені рас. Бүгін облыстың бас педагогы Ләззат Оразбаева осындай ұсыныс жасаған бір топ ата-анамен кездескенін мәлімдеді. «Мектеп ашу үшін лицензия керек, материалдық база болу керек. Бұл мәселемен бақылау комитеті айналысады. Министрлікке (Білім — ред.) де хат жолдадық», — деді Ләззат Аманжолқызы. Марат Төлепберген, Aktobenews.kz фото: kabar.kg  

Орамал дауы: Ақтөбеде ата-аналардың 7 мектептің үстінен жазған арызы қанағаттандырылмады

Ақтөбеде орамалға қатысты сот процестері бойынша шешімдер шығарыла бастады. Осы күнге дейін 7 мектептің үстінен 15 ата-анадан арыз түскен болатын. Сот оларды қанағаттандырмады. Бүгінде сот шешімдері күшіне енді. Бұл туралы 2 ақпанда облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева хабарлады. Оның пайымынша, жеңіс деп айтуға әлі ерте. «Өйткені, ата-аналардың одан әрі қарай арыздануға құқылары бар», — деді облыстың бас педагогы. Сонымен бірге, Ләззат Аманжолқызының айтуынша, балаларын мектепке жібермей отырған ата-аналар айыппұл

Ақтөбеде жүрек ауруына шалдыққандар жыл санап "жасарып" барады

Өткен жылы Ақтөбе облысының тұрғындарына 1278 жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген. Батыс өңірін қамтитын медициналық кластер жасауға ұмтылған ақтөбелік дәрігерлер жыл ішінде бірнеше күрделі ота жасады. Облыста балалар кардиохирургиясына қатысты оталар көбейген. «Өткен жылы 11 бауыр трансплантациясы, 35 бүйрек трансплантациясы, 100 тізе буын ауыстыру, 93 жамбас буын ауыстыру операциялары, 358 кардиохирургиялық операциялар, оның ішінде 100-і балаларға жасалды», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Облыстың бас дәрігері 2018

Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар төсекке таңылғанда ауруханадағы ерекше күтім бөлмесіне жатады

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына биыл 8 кереует дайындалды. Мұнда ауыр дертке шалдығып, төсекке таңылған адамдар жатқызылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Биыл арнайы әлеуметтік тапсырыс беріп, облыстық жедел жәрдем ауруханасы жанындағы «Мейірім» күтім бөлмесінен 8 кереует бөлінді. Туған-туыстары науқаспен жалғыз қалып, кейде қандай ем, көмек көрсетерін білмейді. Медицина қызметкерлерінен ем қажет кезде 1-2 аптаға жатқыза алады. Мұның бәрі қатерлік ісікке шалдыққан адамдардың қамы үшін жасалды. Өкінішке қарай, өткен жылы кереует саны

Ақтөбеде бір жылда дәрігерлердің үстінен 444 шағым түскен

Ақтөбе облысының бас дәрігері Әсет Қалиев әріптестеріне қатысты айтылып жатқан шағымдармен жұмыс жасалатынын айтты. Денсаулық сақтау департаментінің өзіне дәрігерлердің үстінен 500-ге жуық арыз түскен. «2017 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жеке және заңды тұлғалардан 444 шағым түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан — 417, заңды тұлғалардан — 27 арыз бар. Әр сұрақпен жекелеп жұмыс жасалынды. Түсініспестіктірге жол бермес үшін қадағалауға алатын боламыз», — дейді облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Әсет Қалиев.