Жұмыстарын жеңілдетіп бергені үшін полицейлер Бердібек Сапарбаевты марапаттады

Облыс басшысы «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» атты медальмен марапатталды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қылмыс санынын азаюы бойынша атқарған жұмыстары үшін медальмен марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.

Медаль Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында қылмыс деңгейі 20 пайызға азайған.

Пікір қалдырыңыз