Ақтөбелік Бердібек Сапарбеков математикаға жүйрік екенін тағы бір дәлелдеді

Ақтөбелік Бердібек Сапарбеков математикаға жүйрік екенін тағы бір дәлелдеді

«Зерде» республикалық ғылыми жобалар конкурсында Ақтөбеден барған 6 сынып оқушысы Бердібек Сапарбеков математикаға жүйрік екенін тағы бір дәлелдеді. Сонымен бірге, Шадияра Әкімгереева осы пән бойынша алғыр екенін көрсетті.

Облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, 1-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсын 29-31 қаңтар аралығында Щучье қаласында өткен болатын.

Сайысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 420-ден астам жас ізденушілер қатысты.  Ақтөбе өңірінен облыстық кезеңінің 21 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты. Біздің жас дарындар математика, информатика, физика, техника,медицина, психология, химия, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану бойынша 16 жоба ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының командасы 6 бірінші, 10 үшінші жүлделі орындарды, 5 мақтау қағазын жеңіп алды.

 

Пікір қалдырыңыз