Автобусты ұзақ күтеміз, жол жоқ, жарық жоқ — Ақтөбенің іргесіндегі тұрғындар облыс әкіміне мұңын шақты.

Автобусты ұзақ күтеміз, жол жоқ, жарық жоқ - Ақтөбенің іргесіндегі тұрғындар облыс әкіміне мұңын шақты.

Қала әкімінің Благодар ауылдық округінде халыққа есеп беру кездесуіне қатысқан Бердібек Сапарбаевқа ауыл халқы шешілмей жатқан мәселелерді алға тартты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ілияс Испановтың Благодар ауылдық округіндегі есеп беру кездесуіне облыс әкімі арнайы қатысып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Көтерілген мәселелердің көп бөлігі уақытынан кешігіп келетін автобустардың жағдайы болды. Жұмысы мен сабағына үлгере алмайтын тұрғындар облыс әкімінен көмек сұрады. Тұрғындар жарығы жоқ көшелердің көктем уақытында техниканың өзі әрең жүретіні туралы да хабардар етті.

Тұрғындардың ұсынысын тыңдаған облыс әкімі барлығының ретімен шешілетінен айтып, бақылауда болатынын ескертті.

Пікір қалдырыңыз