Ақтөбеліктер қоғамдық көлік ішіндегі жыртылған орындықтардың суретін желіге салып жіберді

Ақтөбеліктер қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасына жиі сын айта бастады. №14 бағыттағы автобус ішіндегі орындықтар жартылып, жарамсыз күйге түскен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде қоғамдық көлік тасымалы қызметін екі компания атқарады. Бірі «Автопарк» ЖШС, екіншісі «Жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС. Соңғысының құрылтайшысы – қалалық әкімдік. Автобустар паркін жаңарту мақсатында бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлініп, оған 40 автобус сатып алынды. Дегенмен өңірде қоғамдық көлік тасымалына қатысты сын жиі айтылады.

Мәселен, ақтөбеліктрдің бірі №14 бағыттағы автобустың орындықтары мен ішкі тазалығын желіге салып жіберді. Бұл сурет қоғамда түрлі пікір туғызды. Бірі жүру ақысын көтеру үшін әдейі жасалған іс десе, бірі мұны жолаушылардың өздері жыртып, ластағанын айтты.

«№14 бағытта мүндай автобус жоқ. Ескі сурет. Фото жарыққа шыққан кезде бұл автобус жолаушылар тасымалына шыққан жоқ. Автобус ішіндегі заттардың көбі жолаушылардың жауапсыздығынан бүлінеді», — деп хабарлама қалдырды «Автопарк» ЖШС өкілі әлеуметтік желідегі парақшасында.

1 пікір


  1. Негизи бул автобустарды,когамдык колик ушин пайдалануга берилгенде ,бутин таза болган болар…оны жыртып булдиретиндер,жастар,отырып алып жазады,жыртады ..солай деи турсакта ,жыртыгын жамап халыкка тутынуга шыгарда ,тазалык пен осындай кемшиликтерине автобус баскаратын басшылар назар аударуы керек кой..мине корип отырганымыздай,кандай да болсын кемшиликтер осылай табвлып жатады,биракта оган конил болип алдын ала ис шара жургизилмеитиндиги коринип ак тур..

    Жауап беру

Пікір қалдырыңыз