Әзер тоқтаған: Түркияда жолаушылар ұшағы теңізге түсіп кете жаздады (фото, видео)


Анкара-Трабзон рейсімен ұшқан «Боинг 737-800» жолаушы ұшағы 14 қаңтарда әуежайда апатқа ұшырады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: centralasian.org

Лайнар қону жолағынан шығып кетіп, биік жағалауда теңізге бірнеше метр қалғанда әзер тоқтаған.
Pegasus Airlines компаниясына тиесілі ұшақта 168 жолаушы және экипаж мүшелері болған.

Фото: vesti.ru

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген апат себептері тексеріліп жатыр.
Анатолы мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар дүрбелеңін экипаж мүшелері баса алмаған.

Пікір қалдырыңыз