Ақтөбелік өлкетанушы Рысжан Ілиясова жаңа кітабында қандай қиындық көргенін жазды

Бүгін «Музей – мәдениет ғибадатханасы, таным мен тарихтың қайнар көзі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кітапта «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері», қоғам қайраткері Рысжан Ілиясқызының музейді құру және музей ісін жетілдіру бағытында кездескен қиындықтардан даналықпен жол тауып шығып, жеткен жетістіктері туралы баяндалады.

Туындыға музейге келушілердің лебізі, бірге жұмыстас болғандардың пікірі, көзі қырағы, қаламы ұшқыр журналистердің мақалалары, Рысжан Ілиясқызының орыс тіліне аударылған және соңғы жылдары жазған өлке тарихы туралы мақалалары енген.

Пікір қалдырыңыз