Ақтөбе облысында үш рет мас күйінде ұсталған ауыл тұрғыны түрмеге қамалды

Фото: Stan.kz

Бір жылдың ішінде үш рет полицейлерге мас күйінде ұсталған Байғанин ауданының тұрғыны сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

21 қараша күні күндізгі сағат 16:10 шамасында Байғанин ауданының тұрғыны тағы да мас болған. Ол қоғамдық орында ішімдік ішіп отырды.

Соттың қаулысына сәйкес, ауыл тұрғыны кінәлі болып танылды. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін ол 3 күнге қамауға алынды.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз