Жаңарған Ақтөбе: Өнер орталығы

Бұрын-соңды Ақтөбеде болмаған 1200 орындық концерт залы бар Өнер орталығы салынды. Бұл бірегей жобаның Батыс Қазақстанда теңдесі жоқ.

Қазір Ақтөбеде 15 мәдени мекеме бар. Олар әр жерде орналасқан. Өнер орталығын салудағы мақсат — осы, біріншіден, сол мекемелерді осы орталыққа шоғырландыру болса, екіншіден, үлкен сыйымдылықтағы зал ашу. Өйткені Ақтөбеде үлкен зал жоқ. Ең үлкен залдың өзі 500 адамға ғана арналған. Ал Өнер орталығындағы залдың сыйымдылығы — 1200 орындық. Сол сияқты, мұнда түрлі көрмелер секілді әртүрлі шараларды өткізуге арналған көптеген орындар бар.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып жатқан құрылысты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қаржыландырды. Ғимараттың жалпы құны — 1,5 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстарын «Интерстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Орталық үшін берілген жердің жалпы аумағы 2,9 гектар болса, ғимараттың алаңы — 5 765,76 шаршы метр.

Гүлжан Базылқызы, «Ақтөбе» газеті.

Пікір қалдырыңыз