тамыз 14, 2017

Ақтөбелік оқушының үкіметке қояр жұмбағы: "Екі жылда бір боталайтын түйеге несие неге бір жылға беріледі?"

Ойыл ауданының тұрғындары баспаналарын кепілге қойып, 3 млн теңгеге несие рәсімдеп, түйе малын алған. Алайда, жануардың екі жылда бір боталайтынын алға тартқан олар банк тарапынан да несиені кемі екі жылдан кейін қайтару талап етілсе деген ұсыныс білдіріпті. Бұл туралы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа Ойыл қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Олжас Жәрдемов айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Ойыл ауылында түйе малын көп адам баға бермейді. Тек Берсиев пен Көктоғай

Жағымсыз иіс дауынан соң Ақтөбе облысының басшылығы арақ алпауыттарын да тексере бастады

Таяуда болған жағымсыз иіс дауынан соң Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев арақ алпауыттарын да тексеруге кірісті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс басшысы 41 разъездегі «Максимус» серіктестігінде болып, ондағы ахуалмен танысты. Рас, зауыт басшылығы, иісті болдырмау үшін шаралар қолға алып жатқанын қайталаумен болды. Сапарбаевтың сауалдарына олар мардымды жауап қата алмады. «Сендердің айтып жатқандарыңа түсіне алмай тұрмын. Нақты жауап беріңдер», деді әкім зауыттың бас инженеріне. Тіпті болмаған соң, қаланың кәріз жүйесіне жауапты

Сапарбаев ақтөбеліктердің санын миллионға жеткізудің жолдарын айтты

Өңір басшысы бұл тапсырманы жаңа орынбасарына жүктеді. Бердібек Сапарбаев 800 мыңнан сәл асатын Ақтөбе халқының санын сегіз жылда 1 миллионға жеткізбек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Әкім халық санын арттырудың бір жолы көрші өңірлерден мамандарды көшіріп әкелу екенін айтты. «Қазір Ақтөбеге көшіп келіп жатқандардың саны көп. Көрші мемлекеттерден адамдар шақыруымыз керек. Ол жөнінде шаралар қолға алынуда. Әсіресе, Өзбекстан мен Ресейден, көрші облыстардан келіп жатқандар бар. Біз қазір Мәртөк ауданындағы 24 үйі

Ақтөбеде Тимур Құлыбаевтың қолдауымен спорт кешені салынады

Қазақстанда жоқ ғимарат бірінші рет Ақтөбеде салынғалы тұр. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады. Облыстық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген міндеттер бойынша баяндама жасаған облыс әкімі спорт саласы үшін әлі де ұялатынын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Спорттың  нәтижелері бізді қанағаттандырмайды. Мен әрдайым айтамын, ұят. Спорттан чемпиондар дайындай алмауымыз ұят»,- деген облыс әкімі Ақтөбеде жаңа спорт ғимараттың салынып жатқанын жеткізді. «Қазіргі кездегі мақсатымыз — спорттың материалдық және техникалық

Сапарбаевты шалғай ауылға шақырған қарапайым тұрғын тілегінің орындалғанын білгенде көңілі босап кетті

  Ойыл ауданының Құмжарған елді мекеніне ат басын тіреген Бердібек Сапарбаев бұл жаққа қарапайым тұрғынның шақыртуымен келгенін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Өткенде аудан орталығында (Ойыл ауылында — ред.) кездесу кезінде Ләззат есімді апай «Әкім мырза, біздің ауылға келіп кетіңіз» деген болатын. Ондағы жайтты көзбен көру үшін арнайы келіп отырмын» дей бергені сол еді, әлгі шақыртқан апай да Құмжарған ауылындағы жиналыста отырған болып шықты. Бір ауыз сөзінің жерде қалмағанына сенер-сенбесін

Бүрге шабуылынан кейін Ақтөбедегі балабақшалар тексерілетін болады

Ақтөбедегі барлық жеке балабақшаларға тексеріс жүргізілетін болды. Тексеріс құрамында білім басқармасының мамандарымен қатар, ардагерлер мен билік партиясының мүшелері де бар. Бұл туралы Aktobenews.kz тілшісіне білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. «Ақтөбенің жеке балабақшаларын арнайы құрылған жұмыс тобы тексеретін болады. Алдағы аптада қаладағы жеке балабақшаларға арнайы құрылған жұмыс тобы мониторинг жасауды жоспарлап отыр. Жұмыс тобының қатарына білім бөлімінің мамандарымен бірге еңбек ардагерлері және «Нұр Отан» партиясының мүшелері кіреді.  Жұмыс тобының құрылуына себепші

Бірінші топтағы мүгедек қырғыз жігіті анасына салмақ түсірмес үшін Ақтөбеде қарттар үйінде жатыр

34 жастағы қырғыз жігіті жеті жылдан бері қарттар үйін паналап жүр. Ұлан І топ мүгедегі. Ол өзі туралы кей ақпараттардың жасырын қалғанын қалады. Айтуынша, жалғыз тұратын анасына салмақ салмау үшін интернатқа өзі келген. Басына түскен жайтты ол Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді. «Менің ұлтым қырғыз, анам қазақ. Қырғызстанда тудым. Кішкентай кезімде Қазақстанға көшіп келгенбіз. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында тұрдық. Мектепті бітіріп, сол жақта жұмыс жасадым. 2004 жылдан бері арбада отырамын. Биіктен