тамыз 7, 2017

Ақтөбе облысында биыл 31 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр

Ақтөбе облысында халықты жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің кешенді жоспарын орындау мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен жиналысқа Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Еске салайық, өңірдегі жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс орындарын құру, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қайта оқытуды қарастыратын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

Қарбыз сатып тұрған жерінен джиппен әкетілген ақтөбелікті туыстары таба алмай жатыр

Ақтөбеде көтерме базар маңында қарбыз сатып тұрған 32 жастағы жігітті белгісіз біреулер көлікпен әкеткелі бері одан еш хабар жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Редакциямызға жоғалып кеткен жігіттің туыстары хабарласып, мән-жайды айтып берді. Нағашы апасы Ерхан Тілеумбетовтің 3 тамыз күні базарда сауда жасап тұрғанын айтады. «Қасына ақ джип лендкрузер 200 көлігі келіп, ішіндегі жігіт Ерханмен бес минуттай сөйлескен. Кейін көлігіне отырғызып алып кеткен. Содан бері жиенімізден хабар жоқ. Көліктің нөмірі камераға

Ақтөбеде күкіртті сутек иісінен аллергия дерті ушықты

Ақтөбе қаласының тұрғындары күкіртті сутектен аллергияға шалдығып жатыр. Адамдар оқыстан жөтеліп, тынысы тарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе қаласындағы жағымсыз иіске тұншыққан тұрғындар биліктен шешімін сұрап, жиналыс өткізген болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, зиянды қалдықтарды атмосфераға тастайтын 20-дан астам кәсіпорын анықталып, кейбірінің жұмысын тоқтату туралы ұсыныс жасалды. Қазіргі кезде дәрігерлер аллергияға шалдыққандардың күрт артқанын айтып, дабыл қағып отыр. Адамдар оқыстан жөтеліп, дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатыр. «Күкіртті сутек атмосфераға тасталған күні жедел жәрдемге

Ауғанстанда ИМ 50-дей бейбіт адамды өлтірген

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы мен «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пул уәлаятында 50-ге жуық адамды өлтірді» деп хабарлады уәлаят губернаторы Мұхаммад Захир. Бұл туралы Азаттық мәлімдейді. Оның айтуынша, шабуыл 3 тамыз күні кешке басталған. Содырлар Мирзо Оланг ауданына жақын маңда қауіпсіздік күштерінің бекетіне шабуылдаған. Ұрыс шамамен екі тәулікке созылды. Атыстан жеті полиция қызметкері және ауған әскерінің бір сарбазы қаза тапты. «Содырлар Мирзо Оланг ауданын басып алған соң, мұнда 40

Ақтөбенің кейбір шенділері өнер ордаларының қайда орналасқанынан бейхабар болып шықты

Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы тамыз, қыркүйек айларында аймақтық, республикалық байқаулар өткізеді. Алайда, халықтың рухын көтеріп, ұлттық сананы өсіретін мәдениет ошағының директоры Елубай Кенжалиев филармонияның қайда орналасқанын білмеймін шенеуніктердің бар екенін жасырмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Бұл — халық келіп, рухани азық алатын жер. Кейбір шенеуніктер филармонияның қай жерде орналасқанын білмейді. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Оны іске асыру үшін тек мәдениет саласының қызметкерлері емес, қоғам атсалысуы

Жазғы лагерьде тынығып жатқан Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне "нұротандықтар" көтеріңкі көңіл күй сыйлады

  «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Ақбөбек» Алға облыстық балалар үйі лагерінің демалушыларына мәдени іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Олар балаларға түрлі танымдық ойындар өткізіп, балмұздақ пен түрлі тәттілер таратты. — Біз лагерьде саяхатқа шығамыз, суға шомыламыз, спорттық, мәдени шараларға қатысамыз. Дегенмен бүгінгі күн мен үшін әсерлі болды. Қызықты ойындар ойнап, би билеп, көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Ерекше демалыс сыйлаған

Ақтөбелік наиб имам Меккеде қазақстандықтарды өзге ағым өкілдерінен қалай қорғағанын айтып берді

«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының айтуынша, қажылық уақытында өзге ағымдар тарапынан уағыз-насихат айту күшейеді. Сондықтан ол қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Мен 2012 жылы гид болып қажылыққа бардым. Олар (өзге ағымдағы адамдар — авт.) мені үгіттемеді. Керісінше, мен оларды ұстай алмай жүрген кездерім есімде. Менен қашып жүрді. Мен гид болған кезімде қарамағымдағы 150 адамға солардың шейхтері үгіт-насихат жүргізе алмады», — деді Нұрлыбек Шакизадаұлы. Оның айтуынша,