шілде 2017

Ақтөбе имамдары боулинг клубындағы шетелдік әнді өшіріп, қазақтың күйін қосты

Бүгін қаланың имамдары мен жамағаттары боулингтен жарыс өткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Оған қаланың бас имамы Амантай Садиев мұрындық болды. «Қаланың бас имамы болып тағайындалғаныма бес ай ғана толды. Осы уақыттың ішінде жамағат арасында күрестен, волейболдан, футболдан жарыс ұйымдастырып жүрдім. Сосын «боулингтен жарыс болып көрді ме» деп жамағаттан сұрадым. Олар ондай жарыстың бұрын-соңды болмағанын айтты. Бәрі қызығушылық таныта бастады», — деді Амантай Садиев. Жарысқа қаланың 10 мешітінен, дін істері басқармасынан,

Қазақстаннан шетелге қаржы аударатындар көбейді

Қазақстан Республикасының территорриясында жұмыс істеп жатқан қазақстандықтар мен шетел азаматтары басқа елге ақша аударымдарын ұлғайтып жатыр. Бұл туралы Ranking.kz. сараптама агенттігі мәлімдеді. Осы жылдың 6 айында түрлі ақша аудару жүйелері бойынша Қазақстаннан шетелге 203,3 млрд теңге жіберілген немесе өткен жылдың қаңтар-маусым айымен салыстырғанда 25,8 пайызға көп. Ал аударым саны 1,2 млн транзакцияны құраған — бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 21 пайызға жоғары. Ескеретін жайт, 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығында шетелге

Кеңес Рақышев Qazkom директорлар кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын босатылды

«Казкоммерцбанк» АҚ (ҚКБ) акционерлерінің кезектен тыс жиналысы Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату мен банк басқару органының жаңа мүшелерін сайлау туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ы ірі акционерінің кеңесі ескеріліп, «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына үш жылдық мерзімге алты тұлға сайланды. Директорлар кеңесінің құрамын бекіту туралы өзге де ұсыныстардың болмауы назарға алынып, ірі акционердің ұсынысы бойынша келесі

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Ақтөбеде 30 жастағы ер адамды пойыз басып кетті

Дүйсенбіде таңғы сағат 4:00-де 30 жастағы ер адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласындағы Тургенев көшесі маңында ер адамды пойыз басып кетті. Қалалық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиеваның айтуынша, оқиға орнына барған дәрігерлер жас жігіттің өлімін ғана тіркеген. «Оның жарақаты ауыр болған. Жігіт оқиға орнында қаза болды. Аты-жөні белгісіз», — деді Дастан Неталиева. 

Ақтөбе облысында бір-бірін құтқармақ болған екі жігіт суға батып кетті

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында екі адам суға кетті. Екеуі бір-бірін құтқармақ болып, мерт болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Хромтау ауданынындағы карьерде екі адам суға батып кетті. Ақтөбе облыстық ТЖД қызметкері Оксана Кичигинаның айтуынша, 18 жастағы жігіттер суға түсуге болмайтын аумақта шомылған. Бір-бірін құтқаруға ұмтылған екі жігіттің денесін ауыл тұрғындары өз күшімен су ішінен алып шықты.   

Семейде 18 жастағы қыз полицейлерден қашамын деп мерт болды

Семейде 18 жастағы қыз полицейлерден қашамын деп көліктен түсіп кетіп, қаза болды, — деп хабарлайды yk-avto.kz. «Шамамен таңғы сағат 8-дерде полицейлер қалаға кірер кезде жоғары жылдамдықпен келе жатқан ГАЗ 3110 көлігін байқаған», — деп хабарлады ШҚО ІІД. — Көлік патрульдік машинаға тоқтамаған. Содан олар көліктің соңынан жүрген. Сәтбаев көшесімен келе жатқанда көліктің есігі ашылып кетіп, 1999 жылғы қыз көліктен ұшып түседі. Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды». Айта кетейік, жол-көлік

Ақтөбе: Балабақшада кішкентай қызды тістеп тастаған баланың ата-анасы жауапқа тартылуы мүмкін

Ақтөбе қаласындағы жеке балабақшада 1 жастан асқан Дильназ Әлібекті құлағы мен бетінен, қолынан тістеп тастаған. Бақша ішінде болған оқиғадан соң тәрбиеші мен бала күтушісі жазаланды. Бірақ, ата-ана медициналық тексеруден соң прокуратураға арыз жазуды жөн көріп отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласындағы жеке балабақшаның территориясына бөгде адамның кіруіне тыйым салынған. Қазіргі күні бұл балабақша ішінде жиналыс өткізіліп, 1 жастан асқан Дильназ Әлібекті бірнеше жерінен тістеп тастаған баланың ата-анасымен кездесу болды.