Ақтөбеде діни алауыздық туғызған жеті адам қамауға алынды

Облыста терроризм мен діни алауыздыққа қатысты күдікті ретінде танылған жеті адамды қамауға санкция берілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыста терроризм мен діни алауыздыққа қатысты күдікті ретінде танылған жеті адамды қамауға алуға санкция берілді. Қамауға алынғандардың жастары  1992 жылдан бастап, 1980 жылға дейінгі жастар», — деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қамауға алынғандар  ҚР ҚК-нің  256 және 174 баптарымен жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша тінту, куәлардан жауап алу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еліміздің екі облысында  ҰҚК жүргізген арнайы операция кезінде 4 радикалды топтың әрекеті бейтараптандырылып, 11 адам ұсталған болатын.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз