Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Battle of memories жылдың үздік әні болды

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән жылдың үздік әні атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Instagram желісінде сүйіншілеп жазды.

«Қытайдың CCTV орталық телеарнасы Димаштың орындауындағы «Battle of memories» әнін жылдың үздік әні деп танып, «Top Global Chinese Music» жүлдесін әншіге табыстады!!! Қуанышымызды сіздермен бөлісіп отырмыз, ағайын! #dimashkudaibergen #dimash #thesinger #theSingerDimash #DQ #awards», — деп жазды Қанат Айтбаев.
Отандық әншінің орындауындағы Battle of memories әні:

Пікір қалдырыңыз