Ақтөбеде гүл сататын дүкен отқа оранды

Ақпанның 18 күні таңғы сағат төрттің шамасында Маресьев көшесінан өрт туралы дабыл түскен. Бұл туралы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гүл сататын дүкен өртенген. Оқиға орнына 5 автотехника және жеке құрамның 30 адамы жетті. Өрт сауда залынан басталған. Шпалдан салынған ғимарат лезде отқа оранды. Мансард ретінде салынған ғимараттың екінші қабатын да жалын шарпыды. Өртті таңғы 7.00-де сөндіру мүмкін болды.

Құрбандар немесе зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себеп-салдары анықталуда. 350 шаршы метр аумақтың 290 шаршы метрі өртенген. Тек сыртта ілінген маңдайшаны ғана жалын шарпымаған.

Пікір қалдырыңыз