Әскери қызметкерлерге қатысты 11 қылмыстық іс қаралған

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Шынболат Кәдіров баспасөз мәслихатын өткізді. 2016 жылы әскери сотта қаралған қылмыстық және азаматтық істерге тоқталды. Жыл ішінде 12 әскери қызметкерлерге қатысты 11 іс қаралған.

«Қылмыстық істер бойынша 11 іске үкім шықты.  Прокуратураға 4 іс қайтарылды. Азаматтық істер бойынша барлығы 71 іс қаралған. Оның 4-іне сот бұйрық шығарды»,-деді Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Шынболат Кәдіров.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 адам жауапқа тартылып, 3 іс қаралған.

Жемқорлыққа жол берген әскери қызметкерлерге 18 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.

А.СЕРДАЛЫ

Пікір қалдырыңыз